Бүгін елдің оңтүстік өңірлерінде күн қатты ысиды, солтүстікте жауын-шашын сақталады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында,  Қызылорда облысының   кей жерлерінде  өте жоғары өрт қаупі сақталады.