Бүгін елімізде күн ашық болады

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Республиканың солтүстік-батысында түнде және таңертең, оңтүстігінде таңертең және күндіз, батысында күндізгі уақытта аздаған жаңбыр жаууы ықтимал.

Қазақстанның солтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жел күшейеді. Батыс және солтүстік өңірдің кей жерлерінде тұман түседі деп күтіледі.