Бүгін елімізде қар жауып, боран соғады

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман болып жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облысында 30 м/с аса күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы өткелдерде 30 м/с аса, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25, түнде Жалаңашкөл ауданында екпіні 30 м/с аса күшейеді.

Павлодар облысында  жел 5-20, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жол үстінде көктайғақ болады, жел  18-23, күндіз екпіні 30 м/с аса күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ  болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.


Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарынның кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын күтіледі.