Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлап отыр.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.
Түнде Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік болады.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 5-10м/с. Ауаның температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +12+14°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +15+17°С болады.