Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Бұл туралы Inform.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, кей жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерінде-көктайғақ, жаяу бұрқасын жел 15-20 м/с.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі жел 15-20 м/с күшейеді.


Маңғыстау облысында түнде кей жерлерінде желдің жылдамдыығы 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, түнде желдің күшеюі18 м/с болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ,  жел 15-20 м/с күшейеді.