Caravan Logo

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде  жел 17-22 м/с күшейеді.  

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде бұршақ жаууы күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с болады.

Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты,  кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады. Солтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +14+16°С, күндіз 
+24+26
°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 2-7м/с. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С болады.