Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

"Қазгидромет" РМК 20-22 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Caravan.kz

Бүгін күн ашық болғанымен, апта соңында жаңбыр жауайын деп тұр. Яғни 21-22 сәуірде, Ресейдің Еуропалық  бөлігінен және Оңтүстік-Каспий теңізінің жағалауынан жылжитын циклондардың және  атмосфералық  фронттар бөліктерінің  әсерінен еліміздің көптеген облыстарында  жаңбыр  және  қатты екпінді жел соғып,  кей жерлерде желдің күші 15-25 м /с  күшейіп еліміздің оңтүстігініде найзағай күтіледі.

Ауа температурасы Қазақстанның барлық аумақтарында  орташа  көпжылдық  мәндерден 3-6 ºС  жоғары болып сақталады.