Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ
: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік,солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады,найзағай болады. Желдің күші 2-7 м/с, найзағай кезінде 12 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С болады.