Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі. Бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтиамал. Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.