Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады


Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикада кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал. Оңтүстік бөлікте күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел тұрып, тұман түседі.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында кей ерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.