Caravan Logo

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады


Тек елдің батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" ақпаратына сүйеніп.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде желдің  15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жауын жауады. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.