Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.  

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұман, түнде жекелеген жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді. 


Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.