Б8л туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасап, Caravan.kz хабарлады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, күндіз солтүстіктің басым бөлігінде, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-22 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде тұман бақыланады,күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.