Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды


Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтына сілтеме жасап, Sputnik хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.