Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашынды болады

Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола облысында  кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.


Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болуы ықтимал. Атырау облысының кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.