Бүгін еліміздің басым бөлігіне тұман түсіп, көктайғақ болады

Оңтүстік батыста құмды дауыл тұруы да ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөліктерін тұман басады. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таң ата желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, таң ата және күндіз секундына 15-20 метр секунд жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысының кей аймақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, оның соңы құмды дауылға ұласуы мүмкін. Атырау облысында күндіз жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.