Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, бұрқасындатады

бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді. 

Елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Шығыс Қазақстан, Ақмола, күндіз Маңғыстау, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-22 м/с дейін күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі. 
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында екпіні 18-23 м/с жел соғады. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.