Бүгін еліміздің кей аймақтарында боран күшейеді - «Қазгидромет» РМК


Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейіп, бұрқасындатады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей аймақтарында боран соғып, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысында кей жерлерінде боран соғып, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. 

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-қа, ұйытқуы - 25 м/с-қа жетеді, түнде тұман түседі. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қостанай облысында кей жерлерінде тұман түседі.