Бүгін еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады

Ауа райы 6-7 қыркүйек күндері күрт салқындауы мүмкін, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Синоптиктер бүгін 18:00 шамасында РФ Уфа қаласынан циклон Қостанай облысына таяғанын нақтылайды. Ары қарай шығыс бағытында Ақмола облысының батысына ойысты. 5 қыркүйек таңертең 06:00-де Ақмола облысының батыс бөлігіне жылжиды. Сол себепті жаңбыр құйып, 7 мм дейін найзағай жарқылдайды.

Жаңбырдың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорда көшелерін, жеке тұрғын үй секторларын, жерасты өткелдерін су басуы ықтимал, сондай-ақ желдің екпіні қатты болатындықтан ағаштар құлауы мүмкін. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Астана басшылығы Елорда тұрғындары мен қонақтарын  қауіпсіздік шараларын барынша мұқият сақтауға шақырады және күтпеген жерден төтенше жағдай болып жатса, 109 қалалық бірыңғай қызметіне дереу хабарласуды сұрайды.