Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді


Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 18-23 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде  өрт қаупі сақталады.