Бүгін еліміздің мектептерінде «соңғы қоңырау» соғылады

2015 жылы еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде 11 сыныпты аяқтайтын түлектердің саны 124 мыңнан асты.

2-15 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 87 770 түлек қатысады.

2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгiні» алудан 4 498 түлек үмітті.


«Соңғы қоңыраудың» мектеп өмірінде алатын орны ерекше. Бұл мерекеде түлектер балалық шақтарымен, алтын ұялары - мектептерімен және он жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымен қоштасады.