Бүгін еліміздің оңтүстігінде қалың қар жауады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.


Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерінде күндіз бұрқасын болады.