Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 20 қаңтарында Қызылорда, Талдықорған және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластануы мүмкін. Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.