Бүгін елінің ерке қызы Мақпал Жүнісованың туған күні

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Халқының сүйікті де, ерке әншісіне айналған Мақпал ханымды әріптестері де толассыз құттықтауларын жолдау үстінде. Ән арнаған Төреғали да оқырмандарын сүйсінтті:

"Кешегі Күләш пенен Розалардай,
Қарайды көркіңе жұрт көз ала алмай.
Ел сізді еркелетсін "Ерке қыз" деп
Мен сізді жақсы көрем өз анамдай!"

Тіпті видео құттықтау шет елден де келіп жеткенін айтты Мақпал ханым.