Бүгін Елордада «Қазақ киносының апталығы» басталды

Кинофестиваль Ерлан Нұрмұхамбетов және Бегарыс Елубайдың «Аңшы бала» көркем фильмімен ашылды. Ал жыл жаңалығына «Ер Төстік пен Айдаһар» атты қазақтың тұңғыш толықметражды анимациялық фильмін жатқызуға болады. Бұл туындының тұсаукесері келесі жылға жоспарланған. Алайда авторлар астаналықтарға жаңа жобаны алдын ала көрсетуді ұйғарыпты. Сонымен қатар, «Қазақфильм» Ерлан Сағыновтың «Армандастар», Ермек Тұрсыновтың «Шал»,  Дамир Манабайдың «Лотереясын» ұсынып отыр. Ал Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі мәдени шараның шымылдығын жабады деп жоспарлануда.


Ермек Аманшаев, «Қазақфильм» АҚ президенті:

- Қазақ тарихында мәдениетіміздің, мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан Т.Рысқұлов, А.Әшімов, Ә. Кекілбаев, Б.Ертаевқа арналған деректі фильмдердің де арнайы көрсетілімі болады.