Бүгін Гуанчжоуда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты кезекті сот отырысы өтті

Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты.

Кездесу сағат 10.00-нан бастап (Гуанчжоу уақыты) 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өз бетінше қытай тілінде түсініктеме берді.


Үкімнің жарияланатын күні ашық.