Бүгін исламның қасиетті айы рамазан аяқталды

25-қарашада үш күндік ораза айт мейрамы басталады. Мерекенің басталғанынан хабар беретін айт намазы еліміздегі барлық мешіттерде бірдей 8 сағат 40 минутта оқылады.

Ораза айт күндерінде мерекемен құттықтай келген қауым үшін молынан дастархан жайылуы тиіс.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының ақпаратына сәйкес, қазір дүниежүзінде 1,3 млрд. мұсылман тұрады. Ал елімізде өзін мұсылмандар қатарына жатқызатын тұрғындар саны 60 процентті құрайды.