Бүгін КТК-дан “Боруссия” мен “Арсенал” арасындағы матчты көріңіздер

Бірінші таймның соңына қарай Рафаэль Варан айып алаң ішінде тәртіп бұзған. Нүктеге жақындаған Артуро Видаль алаң иелерін алға шығарды. Бірақ туриндіктер үзілістен кейін Криштиану Роналдуға тосқауыл бола алмады. Қақпашымен бірге бір шыққан португалдық таразы басын теңестіріп кетті. Көп ұзамай “Ювентус” қорғанысы тағы сыр берді. Бұл жолы көзге түскен Гарет Бэйл. Осыдан кейін шабуылда ширақ ойнаған италиялықтар таблодағы есепті 2:2 ге жеткізді. Гол авторы Фернандо Льоренте. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. Ал бүгін “КТК” арнасында үлкен футбол кеші жалғасады. Түнгі сағат 1:45 те сіздер дортмундтық “Боруссия” мен “Арсенал” арасындағы матчты тікелей эфирде көре аласыздар.

 

 

Шайбалы хоккейден құрлықтық лигада табысты өнер көрсетіп келе жатқан “Барыс” жаңа ойыншымен толықты. Енді маусымның соңына дейін астаналық клуб сапында канадалық шебер Кэм Баркер өнер көрсетпек.

27 жастағы қорғаушы мұхиттың арғы жағында “Чикаго Блэкхокс”, “Миннесота Уайлд”, “Эдмонтон Ойлерз” және “Ванкувер Кэнакс” сынды белді командалардың намысын қорғаған. Сондай-ақ ол Канада құрамасымен 2005-2006-шы жылдары жастар арасында әлем чемпионы болған. Ал 2012-ші жылы канадалық хоккейші  Шпенглер Кубогының иегері атанды. Ұлттық хоккей лигасында жалпы саны 310 кездесу өткізген Баркер 21 шайба соғып, 75 рет нәтижелі пас шығарған.   

 


 

Осы күндері Лондонда теннистен жылдың қортынды турниры өтуде. Алғашқы бәсекеде серб Новак Джокович пен швейцариялық шебер Роджер Федерер өзара кім мықтыны анықтады.

Бірінші партияны сәтті бастаған Джокович қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Екінші сетті Федерер өз еншісіне жазғанмен, шешуші партияда Новак Джокович лайықты жеңіске жетті. Қортынды есеп 6:4, 6:7, 6:2. Ал қос испандық Рафаэль Надаль мен Давид Феррер арасындағы бәсеке көпке созылмады. Отандасына мардымды қарсылық көрсете алмаған Феррер қос парияда 6:3, 6:2 есебімен ұтылды. А-тобында көш бастаған Надаль енді чех Томаш Бердыхпен шеберлік байқаспақ.