Бүгін күллі мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін қарсы алады


 «Қадыр» сөзі, арабшадан аударғанда, «тағзым, рақым» дегенді білдіреді. Алла тағала бұл түнді мың айдан артық етіп, Құранды жерге түсірген. Сондықтан Қадыр түнінде тозақтың қақпасы жабылып, шайтандар кісенделеді. Ал жұмақтың есігі айқара ашылып, барлық періштелер жерге түседі. Алланың елшісі – Мұхаммед пайғамбар бұл қасиетті түн жайында былай деген: «Шын мәнінде, Қадыр түні жер бетіндегі періштелер ұсақ тастардан да көп болады. Кімде-кім бұл түні иман келтіріп, сауапқа үміт еткен күйде намаз оқып шықса, барлық істеген күнәлары кешіріледі».