Бүгін Лондонда триатлоннан Әлем чемпионаты басталады

 Жүзу мен жүгіруден өтетін бұл байрақты бәсекеге сегіз мыңнан астам спортшы қатысқалы отыр. Ал бейсенбіде жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жастар, жұмада ересектер бақ сынайды.

Былтыр бұл додаға Қазақстаннан 2 спортшы барып, екеуі де бос қайтқан болатын. Ағымдағы әлемдік триатлон сериясы рейтингінде бірде-бір спортшымыз жоқ болғандықтан, бұл жолы да жүлдеден үміт аз.


Келесі Әлем чемпионаты 2014 жыл Канадада өтпек.