Бұл туралы Caravan.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
"Бүгін сағат 21.00-де республикалық телеарналар арқылы Мемлекет басшысының арнаулы үндеуі жарияланады", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін талқылаған болатын. Онда Елбасы "Мен ұсынған бес институционалдық реформаның бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. Бұл орайда қорғаныс қабілетінің, сыртқы саясаттың, мемлекеттік басқарудың, Конституцияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері Президенттің құзырында қала береді", - деген еді.
Мемлекет басшысы әуел бастан Қазақстан Президентінің ерекше құзырына жатқызылған өкілеттіктер санының азаятынына назар аударды.