Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
«Мұсылман қауымының бес парызының бірі саналатын бұл айда рақымшылық танытқандар мен жақсы амал жасағандарға сауап еселеніп жазылады», – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен кешірім мен құлшылық айы қарсаңында.
Ораза 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады. Ал Діни басқарма төралқа мәжілісі мүшелерінің шешімімен биылғы пітір-садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Маусымның 10-нан 11-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.
Ұқсас тақырыптар: