Бүгін қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы келісімді бекіту туралы грамоталармен алмасу жөніндегі хаттамаға қол қою рәсімі өтті

"Бүгіннен бастап келісім өз күшіне енді", -делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл келісім Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялауға, яғни, шекараны жергілікті жерлерде белгілеуге құқықтық негіз болып табылады.