Бүгін Қазақстан футболының күні аталып өтілуде

«12 жыл бұрын дәл осы күні Стокгольмде (Швеция) Қазақстанның ұлттық футбол қауымдастығы УЕФА құрамына қабылданды. 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Еуропа футбол қауымдастығының 52-ші мүшесі атанды. УЕФА-дағы 12 жыл ішінде Қазақстан балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық, кәсіби футбол, инфрақұрылымды дамыту, жаттықтырушылар мен төреші мамандарды даярлау саласында көптеген оң өзгерістерге қол жеткізді», - делінген Федерацияның хабарламасында.


Еуропалық футбол қауымдастығы ұйымы УЕФА-ның кезекті 38-ші Конгресін 2014 жылдың наурызында Астанада өткізу туралы шешімі - УЕФА тарапынан Қазақстан футболының қарқынды дамып келе жатқанына берілген бағасы.