Бүгін Қазақстанда аяз күшейеді

Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, оңтүстікте аздаған жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман болады, солтүстік-батысында бұрқасын болуы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-25 м/с күшейеді.


Павлодар облысының кей жерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде қатты аяз, Павлодар облысының кей жерінде өте қатты аяз болады.