Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын соғады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с жел тұрады, кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін күшейеді. Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында, Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.