Бүгін Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы төмендейді


Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада зиянды заттардың қалыптасуына ықпал етеді. Жайсыз метеорологиялық жағдайларға атмосфералық ауаның жерүсті қабатында зиянды заттардың қалыптасуына ықпал ететін қысқа мерзімдегі метеорологиялық жағдайлар жатады. Мұндай жағдай қалыптасқанда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендейді. Ауаның ластануын айқындайтын маңызды факторлардың бірі - жауын-шашын, жел, ылғалдылық сияқты ауа температурасына болжам жасау.