Бүгін Ресей, Қырғызстан және Әзербайжан КВН командалары «Астана кубогын» сарапқа салады


КТК командаларының фестивалі аясында "РУДН құрамасы" (Мәскеу), "СОЮЗ"(Түмен), "Азия MIX" (Бішкек), "Қазақстанның жаңа құрамасы" (Астана), "Баку құрамасы" (Әзербайжан) командалары жарысқа түседі.

Танымал КВН командалары қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй, риясыз күлкі сыйламақ.

Мерекелік шара 3 шілдеде сағат 18:00 Конгресс-холда өтеді.