Бүгін, 26 мамырда Дубайдағы Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін 1/4 финалдық жекпе-жектерін өткізетін боксшылар:
52 келі. Сакен Бибосынов - Ласинду Эранда (Шри-Ланка);
69 келі. Абылайхан Жүсіпов - Хусейн Аль-Кандари (ОАЭ);
75 келі. Әбілхан Аманқұл - Ашиш Кумар (Индия);
81 келі. Бекзат Нұрдәулетов - Мейсам Гешлаги (Иран);
91 келіден аса. Қамшыбек Қоңқабаев - Нарендер (Индия).
Трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 20:00-де басталады.
Мұның алдында қазақстандық боксшылардан Даниял Сәбит және Василий Левит жартылай фианлға жолдама алған.