Сенат төрағасы лауазымынан айрылған Қайрат Мәми көп уақытқа жұмыссыз қалған жоқ. Елбасының ұсынысын Жоғары заң шығарушы палата бірауыздан қолдаған соң бүгін Қайрат Мәми Жоғары соттың төрағасы болып қайта тағайындалды. Соңғы жылдары басынан дау арылмаған бұл мекеме ол үшін таңсық емес. Кезінде Жоғарғы сотты 9 жыл үздіксіз басқарған болатын. Ал Сенат төрағасының орынтағына Қасымжомарт Тоқаев қайта жайғасты. Ол да 2007 жылдары жоғары палатаға жетекшілік еткен-ді. Женевадағы Біріккен Ұлттар ұйымының бөлімшесін абыройлы басқарып, елге оралған білікті дипломат, тіпті 1999 жылы Министрлер кабинетін басқарған Тоқаев еліміздегі N2-ші саяси лауазымды тұлғаға айналып шыға келді. Ал жиі сын-садағына ілінген Жоғары соттың төрағасы Бектас Бекназаровта портфелсіз қалмады. Ол енді президент жанындағы Жоғарғы сот кеңесіне төрағалық етпек. Бірақ Есілдің сол жағалауындағы ауыс-түйіс мұнымен бітпейтін секілді. Алдағы уақытта бірнеше министр, облыс әкімдері мен бірқатар агенттік басшылары да тақтарынан айырылуы ғажап емес.