Мәйітханадан мәйітті алған әрбір отбасы өз бетімен жерлеу рәсімін өткізеді. "МитталСтилТеміртау" АҚ көмір департаментінің кәсіпорындары жергеуге көмек көрсетпек.
"Arcelor-Mittal" компаниясының президенті Лакшми Миттал қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтып жеделхат жолдады.
"Біз бұл қайғылы оқиғаға қайғырамыз және қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтамыз",- делінген жеделхат мәтінінде. Л.Миттал жуырда Қазақстанға келіп, өзі тікелей көңіл айтатынын хабарлады.
"Біздің бірінші кезекті мақсатымыз - қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қолдау мен көмек көрсету. Қаза тапқандар мен зардап шеккендерді отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі",- деді Л.Миттал.
"Біздің компания үшін жұмысшылардың қауіпсіздігі - басымдық, біз осынау қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін мемлекеттік комиссиямен бірлесе жұмыс істейтін боламыз",- делінген жеделхатта.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ленин атындағы шахтада метанның жарылысынан 41 кенші қаза тапты, тағы 6 адам қазір ауруханада жатыр.
Бүгін Қарағанды облысында қаралы күн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті