Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Бішкектен бірнеше ондаған шақырым жерде Токмак қаласының маңында болған. Ыстықкөлдегі демалыстан Алматыға айналма жолмен Қазақстанға қайтқан Қазақстандық туристер мінген автобусқа "Мерседес" көлігі келіп соқтығысқан. Оқыс оқиғаның салдарынан алдын-ала мәліметке сәйкес аватобуста отырған тоғыз адам мен жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты. Басқа зардап шеккендер сол маңайдағы ауруханаларға жеткізілді.
Қырғызстанның ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында шұғыл тергеу топтары жұмыс істеуде. Қазір сот, автотехникалық, трассологиялық және басқа да сараптамалар жүргізілген. Қаза тапқан адамдардың аты-жөндері анықталуда, бірақ ол жолаушылардың біраз бөлігі істің ақырын күтпей таксимен оралғандықтан, қиынға соғуда.