Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлады.
Асан Қайғының рөлін Нұрлан Өнербаев сомдайды. Сонымен қатар, мюзиклге Бауыржан Исаев, Светлана Васина, Бауыржан Нурымбетов, Астана қаласы театрларының актерлері, «Терра» және «Наз» би ұжымдары қатысады. «Жерұйық» рок-операсының композиторы әрі авторы Төлеген Мұхамеджанов. Мюзиклдың қоюшы режиссері Юрий Александров, қоюшы суретшісі Вячеслав Окунев. Мюзиклде қазақтың халық әні «Дудар-ай» шырқалып, көптеген балет қойылымы орындалады.
«Жерұйық» рок-операсы елі үшін құтты мекен іздеген Асан қайғы туралы аңызға негізделген. Көшпелі халықтың жұт пен стихиялық апаттардың салдарынан қаншалықты зардап шегетінін көре тұра, ол жер жәннаты «Жерұйықты» іздеуге аттанды, бұл адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс. Алты атанға жүк артып, жылы, жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады. Режиссердің пайымдауынша, «Жерұйық» рок-операсының финалында Асан Қайғы өзі іздеген жерұйықты Сарыарқаның төсінен табады. Ол жаңарудың, Қазақстан халқының жетістіктерінің нышаны болып табылатын қазіргі Астана қаласы.
Еске салайық, «Жерұйық» рок-операсы Бейбітшілік және Келісім сарайында сағат 16.00 басталады. Мюзиклдің ұзақтығы - 80 минут.