Ұлттық бірыңғай тестілеуге Шахноз күні-түні қас қақпай дайындалыпты. Тұрмыс тауқыметін кішкентайынан тартып келе жатқан қызға үйде қаражаттың жоқтығы айтпаса да түсінікті еді. Бүгін ол өз күшімен жеңген гранты бойынша Алматы медициналық университетіне құжат тапсыруға барғанда жағымсыз жаңалық естіпті.
Шахноз Мәмбетмұратова, Жанашыр ауылының тұрғыны:
- Мен ҰБТ-ны тапсырдым. Документті қабылдады. Маған түстің деп айтты, бірақ, бірінші қыркүйекке дейін құжат дайын болмаса, грант күйіп кетеді деді. Не істерімді білмеймін, квартирада жүрміз. Квартира табу керек. Көшу керек.
Шахноз Мәмбетмұратова ұлты қазақ болғанымен, Қазақстан азаматшасы емес. Оның анасы осыдан алты жыл бұрын Өзбекстаннан қазақ жеріне табыс табуға келген. Сонда 5 жасар інісі екеуін де ерте келіпті. Үшеуінің де қазақстандық құжаттары мүлде жоқ. Бұл отбасын бір жағы үлкен қызының оқуы қысса, екінші жағынан пәтер иесі үйді босатуды талап еткен.
Айгүл Мәмбетмұратова, Жанашыр ауылының тұрғыны:
- Тіркеуг тұру үшін 45 мың теңге керек екен Тіркеуге тұратын жерім жоқ қазір. Біреулер ақшаға тұрғызады, ол 45 мың теңгемен тұрғызады. Қазір бізді пәтерден қуып жатыр. Далада қалайық деп тұрмыз біз. Баратын жерімізді ойлап қазір қиналғаннан ыстық тамақ та ішкен жоқ балалар.
Шахноздың өгей әкесі осы Алматы облысының тұрғыны. Мамандығы құрылысшы болғанымен, табысы күнделікті емес. Мәселен, бүгін отбасы түскі асқа құр қара нан мен қара су ішіп отыр. Ал кеше бүлдіршіндер аш жүріпті.
Мамировтар отбасы бүгіннен қалмай үйді босатуы қажет, сол үшін де дүние-мүлкінің барлығын далаға шығарып тастаған. Ол да көп емес. Ескі-құсқы киім, мектепке баратын керек жабдығы және ұлдарының ойыншықтары. Егерде отағасының қалтасына сай келетін бүгін кісі босағансын таппаса, бұл отбасы далада қалмақ.