Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Үкіметтің отырысында еліміздің 10 айдағы даму қорытындысы қаралады. Онда үкімет басшысы Даниал Ахметов пен индустрия және сауда министрінің орынбасары Сауат Мыңбаев баяндама жасайды деп күтілуде.

Президенттің баспасөз қызметінен хабарлауынша, үкіметтің кеңейтілген отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.