Caravan Logo

Бүгін жоспарлы түрде үзіліс жариялаған телеарналар белгіленген уақыттан бұрын хабар тарата бастады

Бүгін жоспарлы түрде үзіліс жариялаған телеарналар белгіленген уақыттан бұрын хабар тарата бастады

Бүгін еліміздің телеарналарында сағат 17:00-ге дейін жоспарлы техникалық үзіліс жарияланған еді. Алматыдағы қанды оқиғаға байланысты кейбір арналар сол үзілісті белгіленген уақыттан 2-3 сағат бұрын тоқтатты деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.


Мысалы, КТК бүгін хабар таратуды 15:00-де бастап, орысша жаңалықтардың шұғыл шығарылымын көрсетті. Енді сағат 17:00-де қазақша жаңалықтардың шұғыл шығарылымы болады.