Бүгінде әрбір қазақстандық 11 литр таза спирт ішеді


«Бұл - тым жоғары көрсеткіш. Себебі Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша оның көлемі 8 литрден аспауы тиіс. Сонда ғана ұлттың денсаулығы мен болашағына қауіп төнбейді», - деп атап көрсетті Н.Сәдуақасов.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы да жоғары болып тұр. Ол отандық нарықтың 25 пайызын алып отыр. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 20 пайыз болса, АҚШ пен Швейцарияда 8-10 пайыздан аспайды.