Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстік өңірлерінің ауа райына әлі де циклон жырасында болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады.

Еліміздің батыс жартысы антициклон жотасының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнде батыста, солтүстік-батыста тұман күтіледі.