Бұл туралы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясынан мәлім етті.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы Ақ Азиадаға Азия құрлығына енетін 45 елдің 31-і қатысады деп күтілуде. Өтінімдерді беру уақыты аяқталмағандықтан, қатысушылардың саны күнде өзгеріп отыр.
Айта кетейік, Қазақстан Ойындарға қатысатын спортшылардың саны жағынан алда тұр. Ел намысын 167 спортшы қорғамақ.
2011 жылғы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін Ақ Азиадада спорттың 11 түрі бойынша (конькимен жүгіру, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында), мәнерлеп сырғанау, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл, допты хоккей бойынша жарыстар (бенди), тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы, биатлон, шаңғымен қысқы спорттық бағдарлау және шорт-трек) барлығы 69 жиынтық медаль сарапқа салынады.
Еске салайық, 2011 жылдың 30 қаңтар күні кешкі сағат 18.00-де, Астанадағы «Астана-Арена» стадионында 7-ші қысқы Азия ойындары салтанатты түрде ашылып, Ойындардың басты алауы жағылады. Бір жетіге созылатын байрақты бәсекеден кейін, 6 ақпан күні Ойындар Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ресми түрде жабылады. 17.00-де басталатын салтанатты бұл рәсім екі сағатқа созылады деп күтілуде.