Бүгінгі тарифтердің деңгейіне қарап, қуатты үнемдеуді ұмыту керек

"Бүгінгі тарифтер деңгейіне қарап, қуат көздерін үнемдеуді ұмыту керек ", - деп атап өтті С. Мынбаев.

"Бұл саладағы жағдай одан бетер ұшыға түсуі мүмкін", - дейді энергетика және минералдық ресурстар министрі. "Әрине, инфляцияның өсуіне қарсы күрес жөніндегі бөлігін біз орындаймыз, алайда ішкі энергетика саласында тарифтерді реттеу жөнінде үкіметтің қыркүйек айындағы шешіміне оралуымыз керек", -деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, С. Мынбаев еске салғанындай, "электр энергиясының жіктелген тарифтерін енгізу мәселесі бар". "Өйткені, біздердің аймақтың қуат көздерін таратып отырған компаниялар үлкен территорияны алып жатыр және тұтынушылар электр тарату көздерінен алыс немесе жақын жерде орналасып, жөнелтілетін қуат көздерін бірдей тарифпен алып отыр", - деді министр.

"Сондықтан оны өзгертіп, тарифтерді бірнеше сатылы етіп енгізу керек", - деп қорытындылады ол.